Ақтөбеде оқушы пышақ жарақатын алды
Ақтөбеде 10-сынып оқушысы пышақ жарақатын алған.
Жеткіншек облыстық балалар ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілді. Полицейлердің ақпаратына сәйкес кәмелетке толмаған бала дене жарақатын абайсызда алған болуы мүмкін. Дегенмен бұл дерекке қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті ретінде танылған 8-сынып оқушысы полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Тәртіп сақшылары жеткіншектердің бір-біріне шағымы жоқ дейді.