Шетелдік БАҚ: шолу және талдау І Еуропаға ағылған мигранттар
Еуропа демографиялық тығырыққа тірелді, деп жазады испандық Эль Паис қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Милагрос Перес Олива. Бүгінде күллі Еуропада әсіреоңшыл идеология тамырын тереңге жайып үлгірді. Иммигранттарды жақтырмайтын бұл ұстанымдағылар өздерін ұлт ретінде «жоғалтып» аламыз ба деп алаңдаулы.