Блогерлер 2.0 | 14.08.19 шығарылым

Соңғы мереке қандай болды десеңіз, Құрбан айт өткен. Осы кезде жүрегі жібіп, қойды аяушылар көбейіп кетеді. Бірақ адам қараса, мәселе бұдан да көп, одан да терең жатыр ғой. Мысалы алыстағы ауылға тоқ керек болды, ә? Электр желісін тартты ал. Жарық келу үшін мыңдаған шақырым сымды созды. Сол сымға отырған бүркіт, ителгі, сұңқарың тоқтан тіл тартпай кетеді екен. Себебі, еліміздің көп бөлігі дала, шөлейт, тастақ болғандықтан, бұл жерде жыртқыш құстар қонатын ағаш та, төбешік те жоқ. Сондықтан да олар бағандарға қонады.