Тұтынушы таңдауы | Энергетикалық сусындар

Бұл күндері Қазақстанда энергетикалық сусындарға қатысты қызу пікірталас өрбуде. Бір топ «мұндай сусындар адам ағзасына пайдалы, шаршағанда сергітіп, ұйқыны ашады, көңілді жайландырады, жұмысқа деген ынтаны арттырады» дейді. Қарсы топ «бұл сиқырлы сусынның» құрамында адам ағзасына зиянды химиялық қоспалардың көптігін алға тартады. Оларды пайдалану орталық жүйке жүйесінің қызметіне нұқсан келтіретінін айтып, үзілді-кесілді қарсы шығуда. Сонымен қос тарап неге ортақ байламға келе алмауда? Энергетикалық сусындардың зияндылығы басым ба, әлде пайдасы басым ба?

«Тұтынушы таңдауы» бағдарламасыңда біз бүгін энергетикалық сусындар жайлы кеңінен қозғайтын боламыз.