Тұтынушы таңдауы І Ет қосылған бәліштер

Қазіргі күні біздің тұтынып жүрген тағамдардың денін көшпенді халық ойлап тапқан екен. Мәселен картоп, ет, жуа қосылған бәліштер дәл осы Еуразия кеңістігін мекендеген жұрттың жаңалығы. Құрамы қарапайым болғанымен, бұл тойымды тағам. Сондықтан бұл өнімді тұтынбайтын адам кемде-кем. Өзіміз де күн сайын болмаса да аптасына қуырылған бәлішті жегіміз келіп тұрады. Өйткені кішкентайымыздан бауырсақ жеп өскен соң, сүйікті асқа аңсар ауып тұрады. Иә, бүгінгі біздің бағдарламамыз осы ет қосылған бәлішке арналады. Құрамын, сақтау мерзімін, денсаулаққа пайдасы мен зияны хақында зерттеу жүргіземіз. Алыстамаңыз.