Халықтық экономика І Базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері

Базалық мөлшерлеме - экономикадағы негізгі көрсеткіштердің бірі. Ұлттық банк осы тетіктің көмегімен елдегі инфляция деңгейін реттейді деуге де болады. Сондықтан бұл бір қаржыгерлерге ғана қатысты дүние емес, оның мөлшері әрбір азамат үшін маңызды. Білесіз, уақыт озған сайын қолымыздағы қаражат құнсыздана береді. Айталық, бірер жыл бұрын 10 мың теңгеге тәп-тәуір сауда жасасақ, қазір қап-қап азық-түлік алуыңыз екіталай. Әлгіндегі базалық проценттің осы мәселеге тікелей байланысы бар.