Қанат Бозымбаев Атырау облысының тасқын қаупі бар аудандарына барды

Атырау облысының Индер және Махамбет аудандарында су тасқыны қаупі бар.

Қазір мұнда жағалауларды бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Индер ауданында 30 шақырымға созылған бөгет салынды. Ал Махамбет ауданында құм үйінділері 100 километрден асады. Өңірге барған вице-премьер Қанат Бозымбаев тасқын судың алдын алу жұмыстарын пысықтап, аудан әкіміне ежелгі Сарайшық қаласының маңындағы бөгетті тағы да биіктетуді тапсырды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 100-ден астам құтқарушы мен мыңға жуық әскери қызметкер жұмылдырылды.