Халықтық экономика І Қалай тұтынушы ретінде өз құқығыңды қорғауға және қаражатыңды сақтауға болады?

Дүкен сөрелеріндегі сапасыз тауарға әрбіріміз тап болған шығармыз. Жарамдылық мерзімін қайта басқан йогурт, тігісі сөгілген киім, немесе ашыған айран. Көбіміз кішкентай кемшілік үшін шу шығармайын деп қолды бір-ақ сілтейміз. Ал бұл немқұрайлығымыздың кесірінен сапасыз тауар өндірушілер бейберекет жұмысын жалғастыра береді. Негізі әрбіріміз  тұтынушылық құқығымызды қорғап қана қоймай, кемшілік үшін материалдық және моралдық өтем талап етуге тиіспіз.