Global Art | Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсының тұсаукесері өтті

Жаңа жылға мажорлық нотада кіру «Астана Опера» театры өзінің ұжымына және өз көрерменіне осындай міндет қойып, оны тамаша орындап шықты. Елорда сахнасында Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсының тұсаукесері өтті. Оның үстіне композитордың аты осыдан екі ай бұрын ғана афишаларда жарқырап көрінген еді. Кіші сахнада Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсы орындалды. Енді басты залда дәулетті отбасынан шыққан сұлу бен кедей жас жігіттің махаббат тарихы баяндалды.