Тұтынушы таңдауы І Мұздатылған ет

Қазақтың дастарханында ас атасы наннан кейінгі ең қадірлісі ет десек қате айтқандық болмас. Еттің пайдасы мен қасиетін біздің бабаларымыз бұрыннан білген. Соның негізінде ұлттық тағамдардың ұлысына балады. Тіпті етті жақсы көретіні сонша, оны мақалына да, өлең-жырына да қосқан. Дәл осы қазақтың сүйіп жейтін асына біз бүгінгі хабарымызды арнамақпыз.