Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев ұсталды
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.
Тұрғымбаев «2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген бап негізінде қозғалған іс бойынша тергеуге алынған. Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жария етуге жатпайды.