Халықтық экономика І «Coca-Cola белестері»: жаңа жағдайдағы әйелдер кәсіпкерлігі

Қазақстанның шағын және орта бизнесінде жұмыс істейтін әйелдердің үлесі бүгінгі таңда 50 проценттен аспайды. Өкінішке қарай, отандық кәсіпкер әйелдердің ерлерге қарағанда белсенділігі төмен. Бірақ ел бизнесіндегі гендерлік теңсіздік мәселелері мемлекеттік және басқа да бағдарламалардың көмегімен біртіндеп шешілуде. Қазақстанда 8 жыл бойы «Coca-Cola Белестері» бағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді. Ол қалай жұмыс істейді, қазіргі таңда әйелдерге бизнесті дамытуға қалай көмектеседі – коронавирус шектеулерінің қиын жағдайында өз ісін дамыту үшін қайда жүгінуге және қандай көмек алуға болады. Бүгінгі бағдарламада білетін боласыздар.