Токио Олимпиадасының қорытындысы | Олимп

Қазақстан спортының қола дәуірі. Қазір отандық ақпарат құралдары осындай тақырыпты жарыса жариялап жатыр. Өйткені, Токио олимпиадасында жерлестеріміз 8 бірдей қола жеңіп алды. Қуанамыз ба, мұңаямыз ба, түсініксіз. Себебі, саны жағынан көрсеткіш жаман емес. Ал, сапа жағынан жалпы есепте еліміздің жоғары көтерілуге мүмкіндік бермеді. Тізімде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты көршілерден, тіпті, кейбір Африка мемлекеттерінен де төменбіз.