Спорттық мектептердің жай-күйі | Олимп

Әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамды дүр сілкіндірген видео естеріңізде бар шығар. Оны ұлттық құраманың үздігі Милад Карими жариялады. Кейін бұл мәселеге кәдімгідей назар аударылып, жаппай спорттық құрылғылар түгенделе бастады. Әсіресе тек кәсіпқой спортшылардың ғана емес, жастардың, жасөспірімдердің, тіпті, балалардың дайындығына қажетті жағдайды жасау күн тәртібіне қойылды. Ал, енді оның іс жүзіндегі нәтижесін көру үшін елордадағы нөмірі бірінші олимпиадалық резерв мектебіне бардық. Өйткені бұл - бас қаламызда спорттық гимнастикаға баулитын жалғыз орталық.