Елордада әйелдер хоккейі академиясы ашылды | Олимп

Астанамызда әйелдер хоккейі академиясы ашылды. Иә, Нұр-Сұлтан қаласы алты ай бойы қыс жатып алатын аймақта орналасқанымен, бүгінге дейін бұрымдылардың хоккей мектебі болмапты. Бір жағынан менатлитетке жат, басқа жағынан сұраныста жоқ деген желеумен аса мән берілмеген. Бірақ Бұлбұл Қартанбаева есімді қазақ қызы пайда болып, барлығын теріске шығарды. Елорда төрінен арнайы академия ашып, бірден алпысқа жуық қызды жинап алды. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Ал алдағы бірер жылда кәсіпқой команда қалыптастырып, тіпті, оны халықаралық деңгейге көтеруді көздейді.