Жемқорлар бюджеттен жымқырған миллиардтаған теңгені қай жерге тығады? | Antikor.KZ

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, инновациялық жобаларды енгізу. Мұның бәрі экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпалын тигізуі тиіс. Алайда жоғарыда атаған екі жағдайға жемқорлар ақша жымқырудың жолы деп қана қарайды. Бюджеттің қыруар қаржысы дәл осы мемлекеттік бағдарламалар мен инновациялық жобаларды іске асыру кезінде қолды болады.

Соңғы 5 жылда мемлекеттен ұрланған қыруар қаражаттың қаншасы кері қайтарылды? Тергеу қызметі ұсталған адамның мүлкі ұрланған ақшаға алынғанын әркез дәлелдей алмайды. Жемқорларға қазына қаржысын жымқырып, оны тығу қай кезде қиынға соғады?