Дзюдо спорты адам ағзасына қаншалықты пайдалы? | Салауат салты

Әлемде танымалдығы жағынан футболдан кейін екінші тұрған спорт – дзюдо. Татамидегі қыз-жігіттердің сайысы қаралым жағынан да, қатысушы жағынан да ең көп тараған. Дүниежүзінде 30 млн адам дзюдомен тұрақты шұғылданады. «Салауат салты» бағдарламасының бүгінгі санында Қазақстанда және әлемде кең тараған дзюдоға саяхат жасап, Жапониядан шыққан белдесу өнерінің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін сөз етеміз.