Жаңа штамм: вакцина тиімсіз болуы мүмкін | Өзекті

Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Ол дүниені дүрліктірген «дельта штамнан» әлдеқайда қауіпті деп отыр ғалымдар. Жылдам жұғады және қолданыстағы вакциналардың ешбірі оған төтеп бермеуі мүмкін. Қазірдің өзінде бірнеше мемлекет Африка құрлығындағы елдермен арадағы байланысты уақытша үзе тұруға кірісті. Осы елдерге қатынайтын ұшақтардың ұшуына тыйым салып тастады. Бұл штамм Қазақстанға да қауіпті болуы мүмкін бе? Ғалымдар егер дер кезінде әрекет етпесек оның соңы неге ұласады дейді? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.