Жәндіктердің әлем экономикасына кері әсері қандай? | Экосана
Әлемде 3600-ден аса маса түрі бар. Оның 6%, яғни аналығы ғана адам қанын сорып, сол арқылы дернәсіл шашатын көрінеді. Орташа алғанда жәндіктің дәл осы түрі екі айдай өмір сүреді екен. Ғалымдар ғаламдағы ең қауіпті жануар деп масаны атайды. Зерттеулерге сүйенсек, күн сайын жаһанда қанішер жәндіктің қармағына түскен 700 мыңнан аса адам бақилық болады. Өйткені масалар 50-ге тарта вирусты, бактериялы және паразитті аурулар таратады. Жәндіктердің әлем экономикасына да кері әсері бар. Жүргізілген есепке сай, тропикалық елдерге жұмыс өнімділігінің азаюына байланысты 10 млрд доллар шығын келеді. Абырой болғанда, елордадағы масалардың қауіпі аздау дейді мамандар.
«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.