Медициналық-санитарлық қалдықтардың экожүйеге қаупі | Экосана
ДДСҰ есебінше, таяуда әлемдегі медициналық қалдықтар 87 мың тоннаға жетеді. Әсіресе коронавирус пандемиясы басталғалы мұндай қоқыстың үлесі еселеп артты. Зерттеулерге сай, осы кезеңде ғаламшарымызда ай сайын 129 млрд қорғаныш маскасы пайдаланылған. Өкініштісі, оның дені бір-ақ рет қолдануға жарамды.
Елімізде эпидахуал тағы да ушығып тұр. Күн сайын қауіпті вирус жұқтыратындар саны мыңнан асуда. «Қызыл» аймаққа өту қаупі жоғары өңірлер бар. Бірақ, бұл жолғы инфекцияның күші әлсіздеу, сондықтан, шектеу шаралары анау айтқандай қатаң болмайды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай жұбатты. Алайда, көпшілік сақтық шарасы ретінде маска тағуға міндетті.
«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.