Атмосфералық ауаның ластануын қайтіп азайтамыз? | Экосана

Елде жыл сайын атмосфераға 2,5 миллион тоннадай зиянды заттар шығарылады. Жүйткіген көліктерден бөлінетін улы газдың мөлшері 1 миллион тоннадан асады. Бұл 5 миллионға жуық халық лас ауаны жұтып жатыр деген сөз.

Ірі өндіріс орындары шығаратын зиянды қалдықтардың көлемі қысқармай тұр. Кейбір алпауыт кәсіпорындар экологиялық талаптарды сақтамайды.

Заңды белшесінен басқан кәсіпорындар енді ережеге бағынады. Өйткені айыппұл мөлшері 10 есе артты. Ал егер заң бұзушылықтар бірнеше рет қайталанса онда кәсіпорынның жұмысы тоқтатылады. Бұл шара қалай іске асады? Атмосфералық ауаның ластануын қайтіп азайтамыз? Экологиялық кодекске қандай өзгерістер енгізілді?

«Экосана» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселені талқыламақ.

 

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.