Тропикалық өсімдіктер | Экосана

ропикалық елдер өзінің бай өсімдіктерімен танымал. Бүкіл жер флорасы өкілдерінің 70% -дан астамы сонда өседі. Көрген адамның көз жауын алатын бұл өсімдіктер, біздің елде де жайқалып тұр. Пальма ағашының 9-ға жуық түрі жайқалып тұр. Голландия ананасы жақында гүлдеді. Ал, апельсин, банан, кумкват және манго ағаштарынан алынатын өнім молая түсті. Бұрын Қазақстанда өседі десе, сенбес едік. Қазір ғылым дамыған сайын бұған ешкім таңдана қоймайды. Тіпті, қысы қытымыр Астананың өзінде өсіп жетілді. Тропикалық өсімдіктер біздің қоршаған ортаға қалай бейімделді? Осы сұраққа бүгінгі бағдарламада жауап іздейміз.

 

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.