Жүргізуші куәлігін алу талаптарын қатаңдату керек пе? «Пікірталас»
Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады. Салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Бұған көлік жүргізушілерінің біліксіздігі себеп болып отыр деген мамандар, жүргізуші куәлігін алу талаптарын қатаңдату керек деген бастама көтерді. Бұл тұрғыда қоғамның пікірі қақ жарылды. Біздің бүгінгі спикерлеріміз де бұл ұсыныстың дұрыс не бұрыс екені жөнінде пікірталасқа түседі.