Отандық қорықтардың әлеуеті мен қорықшылардың әлеуметтік жағдайы қандай? | Экосана

Қазақстан қорық саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орында тұр. Дегенмен ұлан-байтақ жері бар еліміз үшін бұл аздық етеді. Қазір 10 қорық жұмыс істейді. Олардың жалпы ауданы 1млн 610 мың гектардан асады. Бұл, әрине, жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орын алатын мемлекеттің табиғи байлығын сақтап қалу үшін жетпейді. Сондықтан табиғат жанашырлары қорықтардың санын көбейту қажеттігін айтып жүр. Ғалымдар бұл іске шетелден инвесторлар тартуды көздейді. Бұл жоба қалай іске асады? Онда экотуризмді дамыту не үшін қажет? Отандық қорықтардың әлеуеті мен қорықшылардың әлеуметтік жағдайы қандай? Бүгінгі бағдарламада біз осы сұрақтарға жауап іздейміз.

 

"Экосана" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.