Алдағы 15-20 жылда су тапшылығы күрмеуі қиын мәселеге айналуы мүмкін | Экосана
Қазір климат өзгерісі жаһандық сипат алды. Әсіресе су тапшылығы алдағы 15-20 жылда күрмеуі қиын мәселеге айналуы мүмкін. Қазір елде су тапшылығы 17 текше шақырымды құрайды. Болжам бойынша 2030 жылдары тиісті көрсеткіш 23 текше шақырымнан асады. Онсыз да тапшы суды ластанудан қорғау үшін отандық мамандар арнайы сүзгі жасап шығарды. Бұл жиырма жылдық ізденістің нәтижесі.