Азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібінде | Экосана
Қазір әлемде азық түлік қауіпсіздігі күрмеуі қиын мәселеге айналып барады. Әсіресе кейінгі үш жылда белең алған пандемия онсыз да мәз емес жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Аш құрсақ жүрген адамдардың саны күрт артты. Сорақысы сол, 2020 жылы жер шарының 811 миллион тұрғыны ашаршылықтан зардап шекті. Бірнеше халықаралық мекеме оның ішінде ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары осылай деп дабыл қағуда.