Отандық ғалымдар күйік шалғандарды емдеуге арналған препарат әзірлеп жатыр | Экосана
Әлемде бүгінде күйікті емдеуге арналған түрлі препараттар бар. Медицинасы алға озған мемлекеттер бір-бірімен жарысып, неше түрлі жақпа май шығарып жатыр. Отандық ғалымдар да көштен қалмауға тырысып бағуда. Қарағандылық зерттеушілер талай жылдық ізденістің нәтижесінде елде өсетін бұташық тау жусан өсімдігінің микробқа қарсы әсері жоғары екенін анықтады.