Ендігі міндет – 2060 жылға қарай көміртегден ада мемлекетке айналу | Экосана
Елде энергияның 70 пайызы көмірден өндіріледі. Салдарынан қоршаған ортаға көмірқышқыл газының шығарындылары азаймай тұр. Елде жыл сайын атмосфераға 2,5 миллион тоннадай зиянды заттар бөлінеді. Бірақ бұл көрсеткіш кейінгі жылдары сәл де болсын төмендеді. Оған жасыл энергетикаға көшу жобасы сеп болуда. Ендігі міндет 2060 жылға қарай көміртегден ада мемлекетке айналу. Әрине оған дейін әлі біраз уақыт бар. Бірақ қазірден бастап қамданбасақ кейін кеш болуы мүмкін. Көздеген мақсатқа жету үшін кешенді жоспар қажет. Талай талқыға түскен құжат жуырда қабылданды.