Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жетпей жатыр
- Қазақстанда шілденің шіліңгір ыстығы басылды. Бірақ Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жетпей жатыр;
- Күрмеуі қиын мәселені шешу бірер күннің шаруасы емес. Өйткені Қазақстан трансшекаралық өзендерге тәуелді мемлекет. Сондықтан да суды үнемдеу технологияларына иек артамыз;
- Су тапшылығынң алдын алу үшін қазір арнайы концепция түзіліп жатыр. Оның аясында 2030 жылға дейін елде 39 шағын су қоймасы салынуы тиіс. Бірақ тіршілік нәрін ысырап етудідоғармасақ, жүйелі жоспардың өзі көмектеспейді;
- Шалғай едімекендер суды үнемдеу қажеттігін жақсы біледі. Елде таза ауызсудан таршылық көріп отырған 1395 ауыл бар. Олардың мәселесі 2025 жылға қарай толық шешілуі тиіс.