Еліміз 2060 жылға қарай көміртегіден бейтарап мемлекетке айналуы тиіс

Еуропалық кәсіпкерлер мен қаржы ұйымдары бізге инвестиция құюға дайын. Бұл бағытта әріптестікті жандандыруға ниетті. Бірақ қоятын шарты да бар. Жаһандық жылынуға әсер ететін парниктік газдар мен метан шығарындыларын азайтуымыз керек. Ұлттық экономика бұған дайын ба? Неден ұтып, неден ұтылуымыз мүмкін? Отандық сарапшылар мен Еуропалық қаржы ұйымының ұсынысы қандай? Бүгінгі бағдарламада осы сұрақтарға жауап іздейміз.