Астық шығымын арттыру еліміздің алдында тұрған негізгі міндет

Биыл жерге дән егіп терлеген диқандар үшін қиын жыл болды. Ала жаздай еккен еңбегі ақталған жоқ. Аптап ыстық пен құрғақшылық шаруалардың қос бүйірінен қысып, қызыл шығынға батырды. Ал егін оратын кезде тоқтаусыз жауын жауып, астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Соның салдарынан қамбаға түскен бидайдың шамамен 40%-і сапасыз болып қалды. Астық шығымын арттыру еліміздің алдында тұрған негізгі міндет еді.