Отан қорғаушы күні және Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру

Астанадағы «Қазақ елі» алаңында ауқымды әскери шеру өтті.

Оған 5 мыңнан астам әскери қызметкер, 220 заманауи қару-жарақ пен арнаулы техника және 80-нен астам ұшақ пен тікұшақ тартылды. Олардың арасында тұңғыш рет жаңа жоғарғы маневрлі СУ-30СМ жойғыш ұшағы бар. Ал әуеде Жеңістің мерейтойы қарсаңында «70» жазуы пайда болды.