Каспий итбалықтарын қорғау және көбейту міндеті тұр
Биыл шілдеде Каспийде табиғи мемлекеттік резерват құрылады. Иттің күнін кешкен итбалықтар енді көздің қарашығындай қорғалады.
Өткен ғасырдың басында саны 1 млн-ға жуық еді. Ал бүгінде 300 мыңға да жетпейді. Енді резерват құрылса, итбалықтардың популяциясы көбеюі тиіс. Бірақ қордаланған түйткілдің түп-тамырына балта шаба алмаймыз.