Аймақтарда мұғалім тапшы
Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында мұғалім тапшы. Әсіресе математика, орыс тілі, физика, химия және ағылшын пәндерінен мұғалімдер жетіспейді. 2019 жылы Президент тапсырмасымен педагог мәртебесі арнайы заңмен бекітілген еді. Сол кезден бастап ұстаздар жалақысын өсіру қолға алынды. Бұл шара мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсартып, әрі кадр тапшылығын жойып, әрі мамандық мәртебесін көтеруге бағытталған еді. Діттеген мақсатқа жеттік пе?