100-ге жуық бала жаттығатын спорт алаңында барлық жағдай жасалған
Біз Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылына келдік. Бұл аядай ғана ауылдың 4 мыңға жуық тұрғыны бар. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры осы ауылдағы жастардың игілігіне жарайтын спорттық кешен ашып, арнайы алаңды қолданысқа беріп отыр.