Тыңайтқыштың пайдасы мен зардабы қандай?
Егін бітік шығу үшін шаруалар тыңайтқышқа иек артуға мәжбүр. Әрине жарамдылық мерзімі мен сақтау шарты орындалса одан келер қауіп жоқ. Алайда талап орындала бермейді. Әрі Кеңес үкіметінен қалған химикаттарды залалсыздандыру кезек күттірмес міндеттің бірі. Түгендеу жұмысын жүргізуге БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы қолғабыс етті. Ендігі міндет улы химикаттарды жойып, ластанған жерлерді залалсыздандыру. Сосын елге ағылып жатқан тыңайтқыштардың сапасын қадағалау мәселесі де өзекті. Ауқымды міндет қалай іске асады? Тыңайтқыштың пайдасы мен зардабы қандай? Бүгінгі бағдарламада осы сұрақтарға жауап іздейміз.