Мектеп асханасының қызметі қалай қадағаланады?
Еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мектепте тегін тамақтанады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтырдан бастап 1,5 милионнан астам оқушы ыстық ас-сумен қамтылған. Ендігі кезекте құзырлы ведомство балаларға арналған ас мәзірінің сапасын жақсартуды көздеп отыр. Бұл бағытта қандай шара атқарылып жатыр?