Мемлекеттік сатып алу көлемін Қаржы министрлігі бекітеді
Отандық өндірушілерді қолдау аясында заңнамалық өзгерістер қабылданбақ. Айта кету керек бұл туста, мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер отандық өндірістің өркендеуіне септігін тигізді. Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстандық тауар өндірушілерге 30%-дық міндетті аванс төленетінін айтты
Сондай-ақ, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басымдықпен отандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерден сатып алу міндеттелмек. Әрі айыппұлдарды азайту жағында да оң өзгеріс бар. Отандық тауар өндірушілер үшін тұрақсыздық айыбын 10%-дан 3%-ға дейін төмендету жолға қойылды.