Check-up – дамып келе жатқан әлемде басты қажеттілік

Ауырмасаңыз да емханаға барғаныңыз жөн. Бүгін сау жүрген жанның ертең мұрттай ұшпасына кім кепіл?! Сол себепті сақтанып жүрем десеңіз, ауырмай тұрып та дәрігерге қаралуға болады. Бұл адам бойындағы жасырын дерт немесе ағзадағы кішігірім келеңсіздіктерді анықтап береді. Дәрігер де сау адамды да қабылдап тексеруге мүдделі. Мұны медицинада Check-up деп атайды.