Ғалымдар инсультті емдеуге көмектесетін қосымша жасады

Еуропалық ғалымдар инсультті емдеудің жылдам жолын тапты. Олар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бірегей қосымша жасап шыққан.

Аталған бағдарлама компьютерлік томография суреттерін талдап, санаулы секунд ішінде зақымның нақты қай жерде екенін және қашан болғанын анықтай алады. Кейін ауруды емдеудің ең қолайлы әрі тиімді әдісін ұсынады. Бұл дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді - дейді ғалымдар. Қазір қосымша Лондондағы емханалардың бірінде сынақтан өтіп жатыр.