Батыстан шығысқа жол қысқара ма? Қазақстанда үш ірі автожол жобасы қолға алынды
Қазақстанда жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын үш ірі автожол жобасы қолға алынды. «Бейнеу – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағыттары өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, транзиттік мүмкіндікті арттыруға бағытталған. Жаңа жолдар қалай салынады, қандай өзгеріс әкеледі және жобаларда қандай заманауи тәсілдер қолданылады? «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған Jol Live жобасында көлік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде тарқатып айтамыз.