Атыраулықтар жылдар бойы күткен жол: Мұқыр-Құлсары бағыты қашан толық жаңарады?
Мұқыр-Құлсары бағытының мәселесі атыраулықтарды талай жылдан бері толғандырып келеді. 134 шақырымдық бұл жол өңірлер арасындағы көлік қатынасы үшін маңызды бағыттардың бірі. Енді көптен күткен жоба іске асып, жолдың бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобада жол негізін дайындаудан бастап, асфальтбетон қабаттарын төсеуге дейінгі жұмыстардың барысын көрсетеміз. Сонымен қатар осы бағытпен тұрақты қатынайтын жүргізушілердің пікірін тыңдап, жөндеу жұмыстарының қазіргі нәтижесімен танысамыз.