Зейнеақы капиталы: басқару жүйесі қалай өзгереді?
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 27 триллион теңгеден асты. Бұл – елдегі ең ірі ұзақ мерзімді капитал көздерінің бірі. Қазір қаражаттың басым бөлігі – Ұлттық банк басқаруында. Алайда енді жүйеге өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Зейнетақы активтерін басқаруға жеке инвестициялық компаниялар көбірек тартылмақ. Сонымен қатар салымшылардың жасына қарай инвестициялық стратегияны өзгертетін жаңа модель енгізу көзделіп отыр. Бұл қандай өзгеріс және ол болашақ зейнетақы көлеміне қалай әсер етуі мүмкін?