Жатақхана қызметкері студенттердің әбден сеніміне кіріп, несие алдыртқан | Кезекші бөлім

Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:

- Жатақхана қызметкері студенттердің әбден сеніміне кіріп, несие алдыртқан. Сөйтіп алаяқ ізін суытыпты.

- Елордада көліктердің нөмірін ұрлап артынан ақша сұрап бопсалаған ұры қолға түсті . Полицияға бірнеше адам жапа шеккендерін айтып, арызданды.

- Алматыда көшеде қараусыз тұрған көліктерді тонаған ұрылар ұсталды. Қаскөйлер арнайы сканерлеу бағдарламасы арқылы көлікті санаулы секундта ашып отырған.

- Шығыс Қазақстан облысында бұрын істі болғандардың арасында қылмыстың алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Сөйтіп жазасын өтеп шыққандардың 250-і бас бостандығынан айыру жазасына қайта кесілді.

 

«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.