Су тасқыны. Шығын қанша, өтелгені қанша?

Спикерлер:

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты;

Амантай Телқожа, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы;

Риззат Тасым, саясаттанушы;

Гүлнәр Таласбаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті басқармасының басшысы;

Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары;

Қостанай облысы:

74 отбасыға жаңа тұрғын үй берілді;

Зақымданған мүлік шығыны – 191,3 млн теңге өтелді;

Үйлерде жөндеу жұмыстары - 15 маусымыға дейін аяқталады;

88 жеке және 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

СҚО:

3898 үйдің 3363-і тексерілді;

508 үй тұруға жарамсыз;

Үйлерді жөндеуге 845 сметалық есеп әзірленді;

500 үйдің құрылысы басталды;

6 мың отбасыға – 2,2 млрд теңге бір реттік жәрдемақы төленді (100 АЕК көлемінде);

Ақтөбе облысында:

3371 отбасы – 1,1 млрд теңге біржолғы төлем алды (100 АЕК мөлшерінде);

44 отбасыға – 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді;

57 жаңа үйдің құрылысы басталды.

Құлсары қаласы:

3730 тұрғынға – 1,3 млрд теңгеге біржолғы жәрдемақы төленді (100 АЕК мөлшерінде);

2 671 үйге – техникалық тексеру;

2 624 үйге – бағалау жүргізілді;

500 тұрғын – бағалау нәтижелерін алды;

105 тұрғын – өтемақы бойынша келісімге қол қойды;

70 тұрғын үйдің құрылысы басталды;

Барлығы 150 үй салу жоспарлануда.

Еліміз бойынша:

26 651 отбасы – 10 млрд теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды (100 АЕК мөлшерінде);

239 отбасы – жаңа баспанаға ие болды;

6 облыста – 794 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде;

891 отбасы – тұрғын үйін жөндеу мен қалпына келтіру үшін өтемақы алды;

Барлығы – 11 137 тұрғын үйге техникалық;

7 863 нысанға бағалау жұмысы жасалды;

1,3 млрд теңге – малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек берілді.