Халықты жұмыспен қамту қалай жүріп жатыр?

Спикерлер:

Асқар Ниязов, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры;

Олжас Омар, Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры;

Сәбит Рысбаев, экономист;

Өңірлік жұмыспен қамту карталарына сәйкес;

2024 ж.

948 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру көзделген;

Бүгінгі таңда – 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды;

Бұл – жалпы көрсеткіштің 37%-ы.

148 мыңы – жастар;

Мемлекет субсидиялайтын орындарға 137 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары:

2 954 тексеріс жүргізді;

4 197 заңбұзушылық анықталды;

Еңбек саласында – 3186;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 961;

Халықты жұмыспен қамту бойынша – 50;

Жұмыс берушілерге 1 760 ұйғарым беріліп:

234,4 млн тг 2 311 әкімшілік айыппұл салынды;

15,4 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды;

1 маусымдағы жағдай бойынша:

145 кәсіпорын 10,6 мың жұмыскерге 1,6 млрд тг жалақы бойынша берешек екені;

4,2 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындарға - 17,7 млн тг айыппұл салынды.

8,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Оларға 895,6 млн теңге төленді (жалақы бойынша).

Шетелде қанша қазақстандық жұмыс істейді?

2023 ж.

194 мың адам шетелге кеткен:

57% - ерлер;

43%  – әйелдер;

163 мың – Ресейге;

13 мың – Польшаға;

6 мың - Оңтүстік Кореяға;

5 мың – Ұлыбританияға;

7 мың адам – басқа елдерде нәпақа табуға барған.