ШЫҰ саммиті. Алты құрлық Астанаға көз тігіп отыр
Спикерлер:
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті сенатының депутаты;
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты;
Жамаладен Ибрагимов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры;
Дамир Белгібаев, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы;
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы;
Қазақ-қытай серіктестігінің басты бес бағыты:
Инвестициялық саладағы ынтымақтастық (ауыл шаруашылығы, жаңа энергетика, автомобиль өнеркәсібі);
Тауар айналымын арттыру (электронды коммерция мен электронды сауда платформаларын пайдалану);
2024 жыл – "Бір белдеу, бір жол" жаһандық бастамасын одан әрі ілгерілету (сенімді Еуразиялық көліктік хаб және "Бір белдеу, бір жол" орталық логистикалық хабы ретіндегі рөлін нығайту);
Екі ел арасындағы көлік ынтымақтастығын кеңейту (Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, ортақ шекарамызда үшінші теміржол бекетінің құрылысын бастау жоспарлануда);
Мәдени-гуманитарлық саланы жандандыру (визасыз тәжірибе, мәдени орталықтардың, лу бань шеберханаларының, университеттер филиалдарының ашылуы, рейстерді көбейту);
Екі елдің бірлескен жобалары:
Жаңатас жел электр станциясы;
Тұрғысын су электр станциясы;
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуы мен қайта құрылуы;
Қытай – Қазақстан мұнай және газ құбырлары;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел кедендік рәсімдеуге арналған жасыл дәліз;
Қазақстандық жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері Қытай үстелдеріне жетуі;
Жаңартылатын энергия көздері мен көлік инфрақұрылымы;
Сиань қаласында құрғақ порт салынды;
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль жолы мен Қытай – Еуропа контейнерлік пойыздары;
Визасыз режимнің нәтижесі:
Екі ел халқының туыстардай жиі кездесіп тұруына мүмкіндік берді;
2023тж – сапарлар саны шамамен 600 мың болды;
2024 ж алғашқы үш айда - 200 мыңнан асты (жаңа рекорд орнатылды);
26 жұп бауырлас қалалар құрылды.