Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің құтқарушыларының оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Жыл сайын Қазақстанда 15 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеледі. Ал құтқару қызметтердің телефондарына 6 млн-ға жуық хабарлама келеді. Осындай сын сағатта халыққа көмекке келетін құтқарушылардың даярлығы түрлі оқу-жаттығу жиындары барысында пысықталады. Бүгінгі шығарылымда біз Алматы облысында ұйымдастырылған ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің құтқарушыларының оқу-жаттығу жиындары жайлы айтамыз.