Жыл сайын елде 40 мыңға жуық бала әскер қатарына шақырылады

Жыл сайын елде 40 мыңға жуық боз бала әскер қатарына шақырылады. Олар Отан алдындағы борыштарын ІІМ, ҰҚК, Қарулы күштер мен өзге де құрылымдарда өтейді. Бірақ әскерден жалтаратындар да бар. Мәжілісте «бұл әскери-патриоттық жұмыстың нашарлығына байланысты», - дейді. Сондықтан халық қалаулылары қазір бұл жүйені жөнге келтіретін жаңа заң жобасын әзірлеп шыққан.