Ашық-шашық жүрген әйелдерді камераның көмегімен тауып алады | Әлем

-Тайвань төңірегіндегі ахуал ушығып тұр.

Осы аптада Қытай әскері арал төңірегіндегі оқу-жаттығуларын аяқтады. Бұл арал әкімшілігіне жасалған "қатаң ескерту" болды. Америкалықтар егер Бейжің Тайбэйге шабуыл ұйымдастырса, жағдайға араласамыз деп отыр.

- Тайвань төңірегіндегі ахуалдың шиеленісуі салдарынан жартылай өткізгіш чиптердің тапшылығы туындауы мүмкін. Әлемдік нарыққа шығарылатын бұл бөлшектің 60 проценттен астамы осы аралда өндіріледі.

- Электр энергиясы қымбат елдердің бірі Испанияда жарық бағасы тағы да өсті. Бір бөлмелі пәтер иелері жарық үшін айына 400 еуро төлейді. Жазда баға 800 еуроға жетуі мүмкін.

- Иранда енді көшеде хиджабсыз жүрген қыз-келіншектер камералардың көмегімен анықталып, жазаға тартылады.

- Ауғанстанда әйелдердің тамақтану орындарына баруы шектелді.

- Өзбекстанда халық саны күн сайын 2 мың адамға артып келеді.

- Ұлыбританияда темекінің орнына тегін вейп таратылады.